Медиация орталығы Медиаторларды даярлау мектебі
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ (ХҚҚО) 1997 жылы Қазақстан халық Ассамблеясының 9 ұлттық-мәдени орталықтары бастамасымен құрылды. Ұйымның он облыстық филиалы бар.
Ұйым жетекшісі – Президент Жақыпов Жанділдә Әжіғалиұлы, «Қазақстан медиаторлары ассоциациясының (одағының)» бас директоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы-медиатор.
Ұйым міндеті - заңгерлік кеңес беру мен медиация рәсімін өткізу арқылы халықтық әлеуметтік осал топтарға, жеке және заңды тұлғаларға медиативтік және құқықтық көмек көрсету.
ХҚҚО негізгі бағыттары:
-демократиялық үдерістердің дамуына жәрдемдесу, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, Қазақстанда медиация институтын енгізу және дамыту.
-заңгерлік, психологиялық және медиативтік көмек көрсету;
- кәсіби медиаторларды оқыту, кәсіби медиаторлар реестрін жүргізу;
-адам құқығын қорғау ісі жөнінде жобалар мен бағдарламалар әзірлеу, медиацияны дамыту және қоғамда қылмыстық деңгейді төмендету; адам құқығын сақтау ісі жөнінде мониторинг өткізу және саралау;
- құқықтық және медиативтік мәселелер бойынша халықаралық байланыстарды ұлғайту және нығайту.
Орталықта қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Онда Орталықтың заңгерлері құқықтық, медиациялық және бітістіру процедуралары бойынша кеңес береді. Кеңестерді сол сияқты +77772157436, +77071142007 телефоны арқылы және www.mpc-info.kz.ғаламтор сайтынан алуға болады.
ХҚҚО-да Медиация орталығы мен медиаторларды даярлау Мектебі жұмыс істейді. Халықаралық құқық қорғау орталығы медиаторлар қызметін көрсетеді, оларды реестрін жүргізеді, медиаторларды және келіссөзшілерді оқытады. ХҚҚО Медиаторларымен жылына 4000 астам бітістіру рәсімдері өткізіледі, олардың 90 пайызынан көбі медиативтік келісіммен аяқталды.
ХҚҚО Медиаторлар Мектебінде, Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс жасайтын 1900 медиатор оқытылды. Медиаторлар мемлекеттік және орыс тілдерінде, жаттықтырушы-медиаторлардың еуропалық және ресейлік әдістемесінің оқу стандартын және Қазақстандық заңнамаларының талаптарын ескере отырып құрастырылған авторлық бағдарламалары бойынша оқытылады. Мектеп жаттықтырушылары тарату материалдарын, құжаттар үлгілері мен нормативтік-құқықтық актілер жинақтары бар методикалық әдістемесін шығарды. Орталықтың ұстаздары тұрақты негізде медиация рәсімін өткізіп жүретін тәжірибеленуші медиаторлар болып табылады. ХҚҚО жаттықтырушы – медиаторлары медиаторлардың супервизиялары бойынша оқудан өтті.
ХҚҚО Медиация Орталығы Корпоративтік медиация орталығы және Самрұқ-Қазына компания тобының келіссөз рәсіміне кәсіби және корпоративтік медиаторларды және келіссөзшілерді даярлайтын оқу орталығы ретінде тіркелген.
ХҚҚО сонымен қатар атқарушы заңнама мәлімдемесі бойыша қазақ және орыс тілінде жүргізілетін ашық және корпоративтік тренингтер өткізуге біліктілік арттыру Орталығы жұмыс істейді.Орталық дәріскерлері құқық қорғау, сот, прокуратура және басқа органдарында заңгерлік тәжірибесі мол (25-30 жыл) заңгер-тәжірибеленушілер.Олар тұрақты негізде ұлттық және шетел компанияларында, банк құрылымдарында, оқу орындарында және мемлекеттік органдарда тренингтер өткізеді.
Халықаралық құқық қорғау орталығы құқықтық көмек көрсету, өкілдік және бітімгерлік рәсімдерін өткізу, оқу, дауларды болжау және алдын алу сұрақтары бойынша, көптеген қазақстандық және шетелдік сот, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдары мен ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасайды. Сонымен қатар Қазақстандағы БҰҰ-ң, жергілікті атқару органдарының, халықаралық ұйымдардың даму бағдарламаларың осы тақырыптағы республикалық жобалардың орындаушысы болып табылады.
ХҚҚО медиация рәсімін өткізуде, кәсіби және кәсіби емес медиаторларды оқытуда, оқу-әдістемелік құралдарын дайындауда, БАҚ-да жариялауға, заң жобаларына ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау бойынша бастамашы әрекет етуде үлкен қазақстандық және халықаралық практикалық тәжірибеге ие. Ресейдің Федералды медиация иститутымен және Ресей Федерациясының, Украинаның, Азербайжанның тағы басқа да медиаторлар ұйымдарымен, Болгария мен Испанияның халықаралық медиаторлар мектебімен қызметтеседі.
2013 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
-«Сот медиациясы» - Қазақстандағы БҰҰ-ң Даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты гранты бойынша;
-«Мектеп медиациясы» - «ЗТБ Астана Форумы» ҚЗТ мен бірігіп «Бота» ҚҚ гранты бойынша;
-«Маңғыстау облысының ауыл тұрғындарының арасында медиация институтын түсіндіру» жобасы - Маңғыстау облысының әкімдігі мен Маңғыстау тұтынушыларының құқықтарын қорғау қоғамы тапсырыстары бойынша;
-«Маңғыстау облысында диалог пен ынтымақтастықты дамыту» жобасы - Маңғыстау облысы азаматтық альянсы және USAID – серіктестігінің гранты бойынша;
-«Қазақстан өңірлерінде медиаторлар үшін ұлттық оқыту курстарын ұйымдастыру» - Қазақстандағы БҰҰ-ң Даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты гранты бойынша;
2014 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
-«Медиация сұрақтары бойынша ақпараттық – білім орталығының қызметін дамыту және қолдау» жобасы - Маңғыстау облысының әкімдігі мен Маңғыстау тұтынушыларының құқықтарын қорғау қоғамы тапсырысы бойынша;
-«Еңбек дауларының алдын алу және ескерту бойынша іс шаралар жүргізу» жобасы - Алматы қаласының әкімдігінің ішкі саясаты басқармасы мен «Қоғамдық жоба» мекемесімен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында;
-«Қызылорда облысының кәсіби емес медиаторларына медиацияның негіздерін оқыту» жобасы - Қазақстандағы БҰҰ дамыту бағдарламасы мен Қызылорда облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша;
2015 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
-«Халықтың құқықтық жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруга бағытталған шаралар кешенін өткізу» жобасы - Алматы қаласының әкімдігінің ішкі саясаты басқармасының тапсырысы бойынша;
- «Маңғыстау тұтынушыларының құқықтарын қорғау» ҚБ серіктесуімен «Халық арасындағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және Маңғыстау облысының Медиация сұрақтары бойынша ақпараттық –білім орталығының қызметін қолдау жобасын іске асыру» жобасы жүзеге асырылды;
-«Еңбек дауларын алдын алу және әлеумметтік еңбек мәселелерін анықтау бойынша шаралар өткізу» жобасы - «Қоғамдық жоба» мекемесі серіктесуімен Алматы қаласының әкімдігінің ішкі саясаты тапсырысы бойынша;
2016 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
-«Қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін Медиация институтын қолдану» жобасы – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысы бойынша.
2017 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
- Әлеуметтік еңбек мәселелерін анықтау және азайту, еңбек заңнамасының, зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту сұрақтары бойынша хылақтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша «Еңбек сақшысы» жобасы. Жоба Алматы қаласының әкімдігінің ішкі саясаты басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.
-«Еңбек қатынастарындағы медиация» жобасы - «Заман жарғысы» ҚБ серіктесуімен Жезқазған қаласының әкімдігінің ішкі саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша.
-«Әлеумет» жобасы - «Қазақылықтың атамекені» ҚҚ мен «Ақиқат нұры» ҚБ серіктесуімен.
2018 жылы Халықаралық құқық қорғау орталығымен жүзеге асқан жобалар:
Мекен-жайы: Басты кеңсе, Алматы қ. Мамыр-1 ы-а, 29 үй, 103 кеңсе
Тел. 87772157436, 87071142007
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Веб-сайт: www.mpc-info.kz