
Super User
Законопроект по медиации
Законопроект о внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам развития институтов внесудебного и досудебного урегулирования споров (скачать pdf файл).
Медиация туралы медиаторлар
Медиация-тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі;
Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) бойынша қолданылады.
Медиация рәсімі жүргізілмейді, егер:
- даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса,
- Тараптардың бірі мемлекеттік орган болған кезде;
- Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша болса.
Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даушылық деңгейін төмендету.
Медиация принциптері негізінде жүргізіледі:
1) еріктілік;
2) медиация тараптарының тең құқықтылығы;
3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;
4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеу;
5) құпиялылық.
Еріктілік
- Медиация рәсіміне қатысудың шарты тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара еріктілікті білдіру болып табылады.
- Медиация тараптары медиациядан оның кез келген сатысында бас тартуға құқылы.
- Медиация барысында тараптар өздерінің материалдық және іс жүргізу құқықтарын өз қалауы бойынша иелік етуге, талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан бас тартуға құқылы.
- Тараптар өзара қолайлы келісімнің нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда еркін.
Медиация тараптарының тең құқылығы
Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, жанжалды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады.
Медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы.
Медиация рәсіміне араласуға жол бермеу
- Медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.
- Медиатор бейтарап болуға, екі тараптың мүддесінде медиацияны жүргізуге және тараптарға медиация рәсіміне тең қатысуды қамтамасыз етуге тиіс. Медиатордың бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ол медиацияны жүргізуден бас тартуға тиіс.
- Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне басқа адамдар тарапынан араласуға жол берілмейді.
Құпиялылық
- Медиацияға қатысушылардың медиация барысында өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ.
- ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиатордан өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтер туралы куә ретінде жауап алуға болмайды.
- Медиацияға қатысушының өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының рұқсатынсыз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Медиаторларға қойылатын талаптар
- Медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдап алынған, медиаторлар тізіліміне енгізілген және медиатор функциясын орындауға келісім берген тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес жеке тұлға медиатор бола алады.
- Медиатордың қызметі кәсіби негізде де (кәсіби медиатор), сондай-ақ кәсіби емес негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар медиатордың қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
- Медиатордың қызметін кәсіби негізде жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 770 қаулысымен бекітілген медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидалары) және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар жүзеге асыра алады.
- Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
- Медиатордың қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге де қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
- Тұлға медиатор бола алмайды, егер:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген адам болса;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған болса;
3) өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын болса;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса.
Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері
- Медиация тараптары:
1) медиаторды (медиаторларды) өз еркімен таңдауға;);
2) медиатордан бас тартуға;
3) медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;
4) медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдер арқылы қатысуға;
5) дауды реттеу туралы келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе іс жүргізуінде медиация жүзеге асырылған қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы.
- Медиация тараптары дауды реттеу туралы келісімді, осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімінде орындауға міндетті.
Медиаторлар ұйымдары
- Медиаторлар ұйымдары "коммерциялық емес ұйымдар туралы" ҚР Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда медиаторлардың бастамасы бойынша құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйымдар болып табылады»
- Медиаторлар ұйымы медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
- Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіптік даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге құқылы.
- Медиаторлар ұйымына немесе медиаторлар қауымдастығына (одағына) кіру ерікті негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте медиаторлар ұйымының немесе медиаторлар қауымдастығының (Одағының) кіру жарналарын алуына жол берілмейді.
Медиаторлар ұйымының кәсіпқой медиаторлар тізілімін жүргізуі
- Әрбір медиаторлар ұйымы ҚР аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторлардың өз тізілімін жүргізеді.
- Медиаторларды медиаторлар ұйымы тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар тізіліміне енгізеді.
Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне енгізбеген жағдайда медиаторлар ұйымы тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
- Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде медиатордың тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл өткен соң кәсіпқой медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтініш медиаторлар ұйымының электрондық мекенжайына электронды түрде ұсынылуы мүмкін.
- Медиатор осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда медиация рәсіміне қатысушы тараптар медиаторлар ұйымына тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған кезде медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой медиаторлар тізілімінде көрсете отырып, медиатордың қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
Медиацияны жүргізу шарттары
- Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында Медиация туралы шарт жасасқан кезде жүзеге асырылады.
- Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
- Тарапқа медиацияға жүгіну ұсынысын екінші Тараптың өтініші бойынша сот немесе қылмыстық қудалау органы жасай алады.
- Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісім бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдауға болады.
- Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы және тегін негізде жүзеге асырады.
- Кәсіби медиатордың (медиаторлардың) сыйақы мөлшері медиация басталғанға дейін тараптардың медиатормен (медиаторлармен) келісімі бойынша айқындалады.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім)
- Медиация жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
- Келісімде медиация тараптары, даудың нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ Тараптар келіскен келісім шарттары, оларды орындаудың тәсілдері мен мерзімдері және оларды тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс.
- Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары осы Келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындауға тиіс.
- Азаматтық іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды реттеу туралы Келісім Тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісімді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда келісімді бұзған медиация тарапы ҚР заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
- Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға дереу жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі тәртіппен көзделген сот бекітеді.
Бұл ретте төленген мемлекеттік баж ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады(ҚР АІЖК 106-бабы, мемлекеттік бажды қайтару). Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады).
- Қылмыстық процесс барысында медиация жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы арқылы жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді.
- Аталған Келісім қылмыстық іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу жіберіледі және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда және қылмыстық қудалауды болдырмайтын не жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар болып табылады.
Түрік-ресей қақтығысы. Және Қазақстанның оны ұластырудағы рөлі
Әлбетте, алыс емес болашақта, жаңа тарих жөніндегі қазақстандық оқулықтарда мынадай тақырып болады: Қазақстанның Түркия мен Ресей арасындағы сыртқы саяси қақтығысты 2015 – 16 жылдар аралығында орнықтырудағы бітімгершілік рөлі.
Оқушылар да оқытушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Путин мен Эрдоганның дәйексөздерін қазақ тарапына оның табысты дипломатиялық миссиясы үшін ризашылықпен келтіреді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу барысында оларға айтқан осы сөздері де есімде болуы мүмкін: "Расында, біздің Ресеймен өзара қарым-қатынасымыздың дағдарысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен бірнеше рет кездесіп, келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынасымызды қалпына келтіру ісінде бізге үлкен қолдау көрсетті... біз Назарбаевтің бұл еңбегін ешқашан ұмытпаймыз және тағы да өз атынан және бүкіл түрік халқының атынан оған Түркия мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қосқан үлкен үлесі үшін алғысымызды білдіреміз».
Әрине, бұл оқулықта жоғары сынып оқушыларына Ресей мен Түркия арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстың сол кезде осы екі мемлекетпен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын қолдайтын Қазақстанға да тиімсіз екенін түсіндіретін қорытынды бөлім болады.
Ал әзірше Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру біздің солтүстік көршілеріміздің әбден барабар саясатына байланысты Қазақстанның барлық проблемаларын алып тастамайды деп мойындау керек.
п.Бестамак
![]() |
Жакупов Жандильда Ажигалиевич Внимание : МЕДИАЦИЯ ДИСТАНЦИОННО ! ОНЛАЙН ! Сертификат № ISSCMM – 7 - 11 от 28.08.2011г. Язык медиации: казахский, русский и с участием переводчиков на других языках. Специализация: корпоративные, трудовые, семейные,гражданские, уголовные в том числе по тяжким и особо тяжким дела и др.споры Образование: высшее юридическое Должность: Руководитель РОО «Международный правозащитный центр» Генеральный директор ОЮЛ Ассоциации (союза) медиаторов Республики Казахстана Тренер-медиатор международного класса, проводит курсы медиации оффлайн, дистанционно в онлайн Проводит процедуру медиации по всему Казахстану и с участием иностранных лиц онлайн и дистанционно. Телефон: +7 708 717 3552 Электронная почта: jandilda@mail.ru |
![]() |
Султанов Мергали Жанагалиевич Сертификат: №1277 от 21.06.2020 г. Школы медиаторов МПЦ
Адрес: Актюбинская обл., Алгинский р-он, п. Бестамак, ул. Алгинская,43-1 Язык медиации: Русский / казахский. Специализация: Гражданские, трудовые, семейные и др. споры. Образование: Высшее юридическое, педагогическое. Должность: Юрист Тел: 8-705-381-34-89. Email: mergali@inbox.ru |
ХҚҚО мектеп қатысушыларының пікірлері
Жаттықтырушы-медиаторларды даярлау курсы
Мамандандырылған медиация курсы
Медиацияның жалпы курсы
Zhakupov Zhandilda Azhigalievich
Біліктілікті арттыру
2012 жылдың маусым айынан ҚБ «Халықаралық құқық қорғау орталығы» бастауымен біліктілікті арттыру Орталығы құрылды, онда менеджерлердің, ұйым қызметкерлері мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалардың біліктілігін арттыру мақсатында тренингтер өткізіледі. Орталық жетекшісі - «ХҚҚО» ҚБ Президенті, «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі реформа» ҚБ –нің Басқарма төрағасы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі, кәсіби медиатор және бизнес-жаттықтырушы Жақыпов Жанділдә Әжіғалиұлы.
Орталықтың оқытушылары - құқық қорғау органдарында, сот органдарында, прокуратура органдарында және басқа ұйымдарда (адвокаттар, отставкадағы судьялар, прокурорлар және т.б.) үлкен тәжірибесі бар (25 жылдан астам) адвокаттар. Орталықтың оқытушылары - сонымен қатар медиация рәсімдерін тұрақты негізде жүргізетін медиаторлар. Орталық оқытушылармен ұлттық және шетелдік компаниялар мен банк мекемелерінде тренингтер өткізілді.
Тренингтер ашық және жабық корпоративтік форматта мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде өткізіледі. Студенттер саны 5-тен 15 адамға дейін. Оқу бағдарламасына практикалық сабақтар, үлестірмелі материалдар, сертификаттар, кофе-брейктер, түскі ас кіретін дәрістер кіреді. Жекелеген оқу бағдарламалары арнайы кәсіби сертификаттармен, оқу фильмдерімен, дискілермен қосымша кеңейтілген, және де оқудан бұрын құжаттарды ұсынудың қосымша шарттары болуы мүмкін (сертификаттар, дипломдар және т.б.).
Оқу ұзақтығы әркімге жеке болып табылады және академиялық сағаттармен белгіленеді. Тренингке қатысу құны оқу бағдарламасында көрсетілген. Үкіметтік емес ұйымдар үшін жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
Оқыту тақырыптары:
- Медиацияның жалпы курсы. Мамандық - медиатор. Ішкі медиация қызметі
- Жанжалдарды басқарудағы медиация құзыреті
- Корпоративті заңгерлер үшін медиация
- Келіссөз өнері. Тиімді қарым-қатынас дағдылары, іскерлік этика
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері және келісім комиссиясының мүшелері үшін келіссөздер мен медиация негіздері
- компанияның әлеуметтік дамуы, қызметкерлерді таңдау және басқару
- корпоративтік алаяқтық, қауіпсіздік қызметі
Программы и курсы
Отзывы участников семинаров МПЦ
Медиатор Киржибаева Мадиямен тікелей эфир
ХҚҚҰ кәсіби медиаторы Киржибаева Мадия «madiya_kz» instagram әлеуметтік желісінде АРСК «arsk.kz» Президенті Дмитрий Вербицкимен "Медиация қарапайым адам үшін" тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфирде медиатор Мадия Дмитриймен сұхбаттасып, медиация туралы, оның мәні мен рөлі, медиатор және оның қызметтері туралы айтып берді. Ол медиацияны қолдану саласы, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы қызықты ақпаратпен бөлісті.