Вторник, 04 октября 2016 18:31

Применение института медиации для разрешения социальных вопросов и сохранения стабильности и согласия в обществе

 Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен    ынтымақтастықты сақтауда Медиация институтын қолдану

 

Халықаралық құқық қорғау орталығы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ”Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтауда Медиация институтын қолдану” тақырыбындағы республикалық гранттық жобасын іске асырды.  Гранттың сомасы -  28 780 000 теңге. Жоба мерзімі – 2016 жылдың қазан-қараша айлары.

Халық бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау  үшін медиация институтының мүмкіндіктерін қолдану арқылы әлеуметтік өзекті  мәселелерді айқындау, ескерту және анықтау нұсқаларын табумен қатар, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы маңызды серіктестік тетігі мен диалог алаңын дамыту жоба мақсаты болып табылды.

Жобаның бекітілген мерзімі барысында Қазақстанның барлық облыстарында үкіметтік емес ұйымдармен 16 кездесу өткізіліп, оларға 295 адам белсенді қатысты. Кездесулер жоба тұсаукесері ретінде «еркін микрофон» форматында өткізілді. Аталмыш кездесулерде республиканың бүгінгі азаматтық қоғамына тән 36-дан астам өзекті мәселе көтеріліп, талқыланды. Көтерілген мәселелер медиацияны дамыту, зейнетақылық төлемдер, балалар жәрдемақысы, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен зейнеткерлердің түйткілді сұрақтары, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, чернобылдықтар мен желтоқсандықтардың және соғыс жетімдерінің жәрдемақылары, қазақ тілінің дамуы, көші-қон, балалар үйі түлектерінің үлкен өмірге дайындығы және басқа да көптеген салаларды қамтыды. Аталмыш кездесулер Қазақстанның әлеуметтік картасын жасауға және біздің бүгінгі қоғамды қандай өзекті әлеуметтік мәселелер көбірек алаңдататынын және оларды шешудің нендей жолдары барын анықтауға мүмкіндік берді.

Жобаның бір жарым айында Қазақстанның барлық аймақтарында сот, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 16 дөңгелек үстел өткізілді. Оларға 289 адам қатысты. Дөңгелек үстелдер жағымды атмосфера қалыптастыру және сындарлы сұхбат жүргізудің медиативтік тәсілдерін қолдана отырып пікірталас алаңы түрінде өтті. Үкіметтік емес ұйымдармен кездесулерде қозғалған әлеуметтік мәселелердің барлығы облыстардағы дөңгелек үстелдерде талқыланды. Кездесулер мен дөңгелек үстелдер жұмысының нәтижесінде әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік органдарға 50 ұсыныс пен кеңес жинақталды.

 Республика бойынша облыстық соттармен, әкімшіліктермен, ІІД, «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан» партиясымен, білім басқармаларымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жобалық іс-шаралар қорытындысы бойынша даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт реттеу үшін медиация институты мен татуластыру рәсімдерін қолдану және дамыту, әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған тұрақты пікірталас алаңдарын құру және ынтымақтастық жөнінде 28 Меморандум жасалды. Аталмыш шаралар қоғамда бар даулы сұрақтарды талқылауға және оларды шешуде құқықтық тәртіп пен тұрақтылыққа қауіп төнуіне және әлеуметтік шиеленіске жеткізбестен сындарлы сұхбат пен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.

Аймақтық 16 медиация және құқық Орталықтарында заңгерлер мен медиаторлар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына заңдық көмек көрсетіп және медиация рәсімдерін жүргізді. Заңгерлер 1598 адамды қабылдады және кеңес берді, олардың өтініші бойынша 347 құжат дайындады. Орталық медиаторлары 1299 адамға медиация бойынша кеңес беріп, 394 медиация рәсімдері жүргізілді, олардың 365-і немесе рәсімдер жүргізілген жалпы санның 92 пайызы тараптардың татуласуымен аяқталды. Қызметке жүгінгендерден жүргізілген жұмыстардың маңыздылығын атап өткен және жобалық қызметтің жалғасуына тілек білдірген 99 алғыс хат пен азаматтардан жағымды пікірлер алынды. 

Жоба басталған сәттен Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында республиканың кәсіби емес медиаторларына арналған 16 семинар ұйымдастырылып, олардан 437 адам оқудан өтті. Кәсіби медиаторларды дайындайтын 4 оқу курсы өткізілді және «Қоғамдық келісім» КММ, қоғамдық ұйымдардың 60 жетекшісі мен қызметкеріне сертификат берілді. Оқу қорытындысы негізінде жоба шеңберінде Қазақстанның медиация бойынша оқудан өткен кәсіби медиаторлары мен кәсіби емес медиаторларының картасы жасалды. Курстар мен семинарлардың қатысушылары қоғамдық медиаторлар есебінде Қазақстанның барлық облыстарында дау-жанжалдар мен шиеленістерді шешуге тартылады.

Медиация институтын енгізу мен дамыту мақсатында дауларды шешудің жаңа тиімді тәсілінен халықты хабардар ету үшін 10 000 буклет дайындалды және таратылды. Іс-шаралардың қатысушыларына, әкімшілік өкілдеріне, судьяларға, семинарлар мен курстардың қатысушыларына сапалы медиативтік көмек көрсету және медиация рәсімдерін жүргізу жөнінде қоғамды құлақтандыруға арналған 1000 ақпараттық материал мен қосымша құралдар таратып берілді.    

Жоба барысында барлығы 2 баспасөз-конференциясы өткізіліп, БАҚ-та 64 жариялым берілді. Жоба мен медиация жайлы ақпарат әртүрлі БАҚ-тың, сот, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың 64 сайтына, Халықаралық құқық қорғау орталығының сайтына, әлеуметтік парақшалары мен әлеуметтік топтарына орналастырылды. Жобаның екі айында 1 әлеуметтік бейнеролик (344 көрсетілім), сондай-ақ медиация мен медиаторлар жайлы деректі фильм (экранда 6 көрсетілім) дайындалып, екі республикалық телеарнадан күнделікті көрсетілді. «ОН-ТВ» және «Алматы» телеарналарының мәліметінше, бейнеөнімді Қазақстан бойынша 1 050 323 адам көрген.

Осылайша, екі айлық жоба барысында Қазақстан халқын медиация институты жайлы хабарландыру, әлеуметтік мәселелерді айқындау және анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, мемлекет пен азаматтық қоғам әріптестігін нығайтуға арналған тұрақты пікірталас алаңын құру бойынша мемлекеттік органдарға кеңестер мен ұсыныстар жинақтау бойынша ауқымды істер атқарылды. Халыққа құқықтық көмек көрсетіліп, дауласушы тұлғаларды татуластыру үшін медиация рәсімдері жүргізілді. Кәсіби емес медиаторлар және республиканың қоғамдық жетекшілері даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт шешуге қолданылатын медиация негіздеріне оқытылды.

 

Жоба бюджеті:

Бөлінген грант соммасы – 28 780 000 теңге. Іс жүзінде игерілгені 25 157 965, 10 теңге, бюджет қаражатын үнемдеу есебінен тапсырыс берушіге 3 622 034, 90 теңге қайтарылды.

 

Шығын түрлері

Соммасы (теңге)

Айлық жалақы

1 102 819,00

Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударым

109 179,00

Банк қызметтері

19 025,10

Басқа тікелей шығындар

22 033 192, 00

Материалды-техникалық қамтамасыз ету

1 022 860, 00

Өкілдік шығыстар

870 890, 00

Қорытынды:

25 157 965, 10

 

 

 

           Международный правозащитный центр реализовал республиканский грантовый проект на тему: «Применение института медиации для разрешения социальных вопросов и сохранения стабильности и согласия в обществе» Центра поддержки гражданских инициатив и Министерства по делам религий и гражданского общества РК. Сумма гранта – 28 780 000 тенге. Сроки проекта – октябрь-ноябрь 2016г.

         Целью проекта являлось выявление, предупреждение, определение вариантов решения актуальных социальных проблем посредством использования возможностей института медиации и развития диалоговых площадок и механизмов эффективного партнерства государства и НПО, основанного на конструктивном позитивном общении для укрепления единства народа и сохранения общественного согласия.

В течение всего срока проекта проведено 16 встреч во всех областях Казахстана с неправительственными организациями, в которых приняли активное участие 295 человек. Встречи проводились с презентацией проекта в формате «свободного микрофона». На данных встречах были подняты и обсуждены более 36 актуальных вопросов, имеющихся на сегодня в гражданском обществе республики. Поднятые вопросы касались сферы развития медиации, пенсионных выплат, детских пособий, проблемных вопросов инвалидов и пенсионеров, обеспечения лекарственными средствами, пособий желтоксановцам, чернобыльцам, сиротам войны, развития казахского языка, миграции, готовности выпускников детских домов к самостоятельной жизни и многие другие. Данные встречи позволили составить социальную карту Казахстана и определить: какие именно проблемные социальные вопросы сегодня больше всего волнуют наше общество, и какие способы решения их имеются? 

За полтора месяца проекта проведено 16 круглых столов во всех регионах Казахстана с участием судебных, правоохранительных, государственных органов и НПО. В них приняли участие 289 человек. Круглые столы проведены в формате дискуссионных площадок с использованием медиативной техники создания благоприятной атмосферы и ведения конструктивного диалога. Все социальные вопросы, поднятые на встречах с НПО, были обсуждены на круглых столах областей. По результатам работы встреч и круглых столов выработано 50 предложений и рекомендаций государственным органам по решению социальных проблем.  

По итогам проектных мероприятий с областными судами, акиматами, ДВД, КГУ «Когамдык келисим», Нуротан, Управлениями образования, неправительственными организациями всей республики заключено 28 Меморандумов о сотрудничестве и создании постоянных диалоговых площадок для обсуждения социальных проблем, поиска путей их решения, развития и применения примирительных процедур и института медиации для мирного урегулирования споров и разногласий. Данная мера позволит обсуждать имеющиеся спорные вопросы и вести конструктивный диалог и переговоры по решению этих вопросов, не приводя к социальному напряжению и возникновению угрозы стабильности и правопорядка.   

         В 16 региональных Центрах медиации и права юристы и медиаторы оказывали юридическую помощь социально-уязвимым слоям населения и проводили процедуры медиации. Юристами принято и проконсультировано 1598 человек, по их обращениям было подготовлено 347 документов. Медиаторами Центров проконсультировано по медиации 1299 человек, проведено 394 процедуры медиации, из которых 365 или 92% от общего числа проведенных процедур окончилось примирением сторон. От получателей услуг получено 99 благодарственных писем и положительных отзывов граждан, отметивших важность проводимой работы и пожелания о продолжении проектной деятельности.

         С начала проекта проведено 16 семинаров для непрофессиональных медиаторов республики, на которых прошли обучение 437 человек всех областей Казахстана, городов Астана и Алматы. Проведено 4 обучающих курса подготовки профессиональных медиаторов и сертифицировано 60 руководителей и сотрудников общественных организаций, КГУ «Когамдык келисим». По итогам обучения составлена карта профессиональных медиаторов и непрофессиональных медиаторов Казахстана, прошедших обучение по медиации в рамках проекта. Участники курсов и семинаров будут привлечены в качестве общественных медиаторов для разрешения споров и конфликтов во всех областях Казахстана.

         Для внедрения и развития института медиации, информирования населения о новом эффективном методе разрешения споров было изготовлено и распространено 10 000 буклетов. Участникам мероприятий, сотрудникам акимата, судьям, участникам семинаров и курсов роздано 1000 информационных материалов  и пособий для информирования населения, качественного оказания медиативной помощи и проведения процедур медиации.   

         За весь период проекта проведено 2 пресс-конференции, сделано 64 публикации в СМИ. Информация о проекте и медиации размещена на 64 сайтах различных СМИ, судебных, правоохранительных, местных исполнительных и государственных органов, на сайте, социальных страницах и социальных группах Международного правозащитного центра и других пользователей. Изготовлен и показывался на двух республиканских телеканалах ежедневно в течение 2 месяцев проекта 1 социальный видеоролик (344 выхода), а также документальный фильм о медиации и медиаторах (6 выходов на экран). Согласно информации телеканалов «ОН-ТВ» и «Алматы» видеопродукцию просмотрели 1 050 323 человека по Казахстану.

         Таким образом, за 2 месяца работы проделана большая работа по информированию населения Казахстана об институте медиации, по выявлению и определению существующих социальных проблем и поиску путей их решения, выработке рекомендаций и предложений государственным органам, по созданию постоянных диалоговых площадок для укрепления партнерства государства и гражданского общества. Оказана правовая помощь населению и проведены процедуры медиации для примирения конфликтующих лиц. Основам медиации обучены непрофессиональные медиаторы и общественные лидеры республики для мирного разрешения споров и разногласий.  

 

Бюджет проекта:
Сумма выделенного гранта - 28 780 000 тенге. Фактически освоено 25 157 965, 10 тенге, в связи с экономией бюджетных средств заказчику возвращено 3 622 034, 90 тенге.

 

 

Вид расходов

Сумма (тенге)

Заработная плата

1 102 819,00

Социальный налог и социальные отчисления

109 179,00

Банковские услуги

19 025,10

Прочие прямые расходы

22 033 192, 00

Материально-техническое обеспечение

1 022 860, 00

Представительские расходы

870 890, 00

Итого:

25 157 965, 10

 


 История успеха

 

 

 

 

О центре медиации в г. Актобе

 

Встреча, круглый стол в г. Актау

 

Встреча, круглый стол в г. Атырау

 

Встреча, круглый стол в г. Караганда

 

Встреча, круглый стол в г. Петропавловск

 

Встреча, круглый стол в г. Уральск

 

Встреча, круглый стол в г. Усть-Каменогорск

 

Встреча, круглый стол в г. Актобе

 

Выступление на передаче "Заң айна" (Қазақстан-Шымкент)