Омбудсмендер мектебінің жаңа легі өз жұмысын бастады!

21 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы жоғары оқу орындарының студенттік омбудсмендеріне арналған «Омбудсмендер мектебі» өтті.
Шараны ЕҰУ омбудсмені, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нэля Шапекова ұйымдастырды.

Бағдарлама аясында қатысушылар ЕҰУ-дің «Жазу тарихы» музейі мен ғылыми кітапханасына экскурсия жасап, халықаралық сарапшылардың дәрістерін тыңдады. ?

Құрметті қонақтар қатарында:
?? Якуп Эрикел — Түрік әлемі медиаторлар одағының президенті, Түркия Әділет министрлігінің медиация кеңесінің мүшесі;
?? Шамшиев Авазбек — Қырғызстан медиаторлар қауымдастығының бақылау кеңесінің мүшесі, Ұлттық медиация орталығының Ош филиалының директоры;
?? Жакупов Жандильда Ажигалиевич — Түрік әлемі медиаторлар қауымдастығының вице-президенті, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ бас директоры, халықаралық медиатор-тренер.

? Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, бейресми жағдайда кофе-брейк кезінде еркін пікір алмасты.

? Айта кетейік, ЕҰУ жанындағы Омбудсмендер мектебі 2024 жылдың 20 қарашасында құрылған. Оның басты мақсаты – студенттік омбудсмендерді оқыту, құқықтық мәдениетті арттыру және студенттердің құқықтарын қорғау институтын дамыту.

https://www.instagram.com/reel/DQGvXe_jEdA/?igsh=MWVoYTl1M25yN3Q1dQ%3D%3D