№173 мектеп-лицейде 5 ақпан күні “Мектеп медиациясы” тақырыбында “Халықаралық құқық қорғау орталығы” қоғам бірлестігінің президенті Жакупов Жандильда Ажигалиевичпен 9, 10-сынып оқушылары арасында онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында жалпы мектеп медиацисының мақсаты ашып айтылды. Мектеп – бұл бүкіл әлем, бірнеше жүз бала мен ондаған мұғалімдер жиналған социумның өзіндік үлгісі. Осы шекаралардың ішінде жиналған барлық адамдар мінез-құлқы, темпераменті, жасы, тәрбиесі, қоғамдық жағдайы жағынан әр түрлі. Олардың әрқайсысының өз дүниетанымы бар. Бұл адамдар бір-бірімен үнемі сөйлесіп, күніне 4-8 сағат бірге болады.  Кейбіреулер табысты өзара іс-қимыл жасайды, басқалары конфронтацияға түседі. Мұндай жағдайда даусыз жүруге бола ма? Болмайды, сондықтан, мектеп қақтығыстары сөзсіз. Оларға мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары тартылады. Сондықтан ең бастысы-барлық тараптар үшін ең аз шығынмен жанжалдардан шығуды үйрену.

Медиация жүргізу алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Тараптарды тыңдап, даудың шығу себебін айқындау үшін, екі жақтың пікірін толық тыңдап қажетті мәлімет жинайды.
Тараптардың әрқайсысынан даудың шығу себебін тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Бұл ретте медиатор нақты тыңдау және қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу шараларын қолданады. Екіншіден медиатор екі жақтың талабын тыңдап, ол талаптың қайсысы болашақта тараптарды біріктіретінін жобалайды.  Бұл кезде медиатор нейтралитет сақтауы қажет. Үшінші қадам кезінде медиатор тараптарға даудың түрлі шешімдерін ұсынады. Ол шешімдер бірнеше және олар альтернативті болуы қажет.

Медиацияның мақсаты кінәлілерді іздеу емес, жағдайдан шығуды іздестіру болып табылады.

Қатысқандар: директордың тәрбие орынбасарлары Жапарова Ж.Б. Телғозы Г.Б. 9,10- сынып оқушылары, тарих пәні ұстаздары Оспанова М. С, мектеп психологтары Жумабекова М. Умирова Л. @auezovpoo_

https://www.instagram.com/p/CK7vA31l7S5/?igshid=p1dt4scge9lm