Қазақстанның үздік медиаторлары аймақтық семинарға қатысты Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/aza-stanny-zdik-mediatorlary-ayma-ty-seminar-a-atysty/

ҚР «Медиация туралы» Заңының 10 жылдығы қарсаңында СҚО «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті келіссөздер үдерісін жүргізу, медиация рәсімін өткізу техникаларын үйрету мақсатында аймақтық семинар ұйымдастырды.

Оған заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева бастамашы болды. Қазақстанның үздік медиатор-жаттықтырушылары Ж.А. Жакупов, Ш.И. Оразбаева, О.Л. Николашина және Г.Н. Мұсабаева көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, семинар қатысушыларына маңызды ақпараттар жеткізді.

Сондай-ақ семинарға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистранттары, Петропавл қаласындағы мектептердің педагог-психологтері, облыс аудандарынан кәсіби емес медиаторлар қатысты.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ Президенті Жанділда Жакупов «Медиация рәсімін жүргізу құралдары: теория және практика» жайында айтты.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы» ЖМ директоры Ширин Оразбаева «Медиатордың ең тиімді құралдары. Қолдану тәжірибесі» (психологиялық критерийлер арқылы жағдайды қарастыру) тақырыбында өз білімімен және 8 жылдық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Гүлбахша Нұрмұқанқызы СҚО «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің жұмысы жайында баяндап берді.

Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/aza-stanny-zdik-mediatorlary-ayma-ty-seminar-a-atysty/