«Атырау облысының кәсіподағы орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі ғимаратында дауларды сотқа дейін шешуге арналған медиация кабинеті ашылды. Келушілер мұнда дауды сотқа дейін жеткізбей - ақ, медиаторлар көмегімен барлық мәселелерін шеше алады. Медиация кабинетінде дауларды 9 сала бойынша шешуге болады. Айта кетейік облыс бойынша 12 медиация кабинеттері халыққа қызмет көрсетуде.