Алматы. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Халықаралық құқық қорғау орталығы Алматы қалалық әкімдігі Ішкі саясат басқармасыныӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Еӊбек сақшысы" жобасын жүзеге асырады.
Жоба мақсаты - кәсіпорын ұсыныстарын жасай отырып әлеуметтік еӊбек мәселелерін анықтау, ескерту және әлеуметтік-еӊбек дау-жанжалдарды төмендету, әлеуметтік қамсыздандыру мен еӊбек, зейнетақы жөніндегі заӊнамалар және еӊбек заӊнамалары бойынша халықтыӊ құқықтық сауатын көтеру.
Жоба міндеті: қаланыӊ 20 кәсіпорныныӊ еӊбек ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынастар деӊгейі мен моральды-психологиялық ахуал сараптамасыныӊ және зерттеудіӊ нәтижесі бойынша кадр жұмысшылары үшін ұсыныстар беру арқылы Алматы кәсіпорындарында жұмысқа жайлы еӊбек жағдайын жасау; НR-қызметкерлердіӊ, кәсіподақ өкілдерініӊ, еӊбек заӊнамасы бойынша келісім комиссиясы мүшелерініӊ ескерту және еӊбек дауларын төмендету мәселелері бойынша кәсіби деӊгейін көтеру, медиация негіздерін қолдану және кәсіпорында ішкі медиация қызметін құру; түсіндіру шараларыныӊ, баспа өнімдерініӊ, әлеуметтік желілердіӊ мүмкіндіктерін пайдалана отырып қолданыстағы еӊбек заӊнамасыныӊ негізгі ережелерінен халықты хабардар ету;
Жоба шеӊберіндегі жоспарлар: қаланыӊ 20 кәсіпорныныӊ еӊбек ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынастар деӊгейі мен моральды-психологиялық ахуалды зерттеу, ахуалды жақсарту және еӊбек дауларын ескерту бойынша кадр қызметшілерге ұсыныс жасау және қорытынды беру. кадр қызметініӊ жетекшілеріне, кәсіподақ өкілдері мен келісім комиссиясы мүшелеріне ҚР еӊбек кодексін нүктелі түсіндіру және медиация негіздерін оқыту негізінде әлеуметтік-еӊбек дауларын және жанжалдарды төмендету бойынша 16 семинар өткізу. шараларда таратуға арналған ҚР еӊбек заӊнамасы бойынша буклеттер (1000 дана) мен ақпараттық-әдістемелік бюллетеньдер (100 дана) жасау және шығару. шаралар өткізгенде пайдалану және танымал әлеуметтік желілерде тарату үшін жұмысшылардыӊ құқығы мен еӊбек заӊнамасыныӊ негізгі ережелерін түсіндіру бойынша тақырыптық бейнероликтер (5 мин.) дайындау. еӊбек және сонымен байланысты қатынастарды реттеу саласында қолданыстағы заӊнаманы, әлеуметтік-еӊбек мәселелерін талқылау бойынша кездесулер, еӊбек дауларын төмендету бойынша шаралар.
Жоба авторлары барлық қызығушы тұлғаларды жобаға қатысуға шақырады. Семинарлар кестесі; мамыр айыныӊ 26, 29, 31; маусым айыныӊ 12,14, 16; шілде айыныӊ 24, 26, 28 тамыз айыныӊ 17, 19, 21; қыркүйек айыныӊ 4, 6, 8, 11 күндеріне белгіленген. Жоба жетекшісі - Халықаралық құқық қорғау орталығыныӊ Президенті Жақыпов Жанділдә Әжіғалиұлы.
Алматы қалалық мемлекеттік еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасыныӊ мәліметінше, 2016 жылы басқармаға 4000-нан астам азаматтар мен компаниялар жүгінген. Инспекцияныӊғ тексерулері нәтижесінде еӊбек заӊнамасын бұзудыӊ 1164 оқиғасы анықталып, 123 кәсіпорындағы 593 млн теӊгеніӊ жалақы берешегі анықталған. 449 лауазымды тұлға мен заӊды тұлғалар 62 млн теӊгеніӊ әкімшілік жауапкершілігін жүктеді. 2015 жылмен салыстырғанда жалақы берешегі бойынша борыш мөлшері 559 млн теӊгеге немесе 48,5% азайған. Жалақыны уақытылы төлемегені үшін 42 млн теӊгеге 270 заӊды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
24.05.2017