Бекбосынов Ермек Туленович

 

 Өзі туралы мәлімет

Туған жылы: 10.11.1969  ОҚО

Ұлты: Қазақ

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 4 ұл, 1 қыз.

Білімі

2000-2004 (Бакалавр)

Қазақ гуманитарлық заң университеті, құқықтану факультеті.

Мамандық: құқықтану.

2006-2008 (Магистр)

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.

Мамандық: құқықтану

2008-2011 (PhD докторантура)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мамандық: халықаралық құқық

1990-1991 жылдары Шаян ауылы Аппақ ишан бір жы лдық діни сауат ашу курсында оқыған. 1992-1994 жылдары Стамбул қаласындағы (Түркия) діни сауат ашу курсында оқыған. 2003 жылы ҚМДБ жанынан ашылған имамдардың білімін жетілдіру институтының 4 айлық (қыркүйек-желтоқсан) курсында оқып бітірген.

ШЕТ Тіл білімі

Түрікше, арабша, орысша (еркін), ағылшынша (Intermediate) және парсы (тәжік тілі) бастауыш деңгейде.

Жұмыс өтілі

1987 жылы Шаян АТП құрылыс учаскесінде құрылысшы.

1987-1989 жылдары СА қатарында әскери қызмет.

1991-1992 жылдары Ақбастау ауылының имамы.

1995-1999 жылдары Ақбастау мешітінің имамы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің араб тілінің мұғалімі.

1999-2008 жылдары Бәйдібек ауданының бас имамы.

2006-2007 жылдары ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдіктің заңгері.

2011-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Халықаралық қатынастар» факультеті «халықаралық құқық» кафедрасының оқытушысы.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігіне қарасты «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің «Исламды зерттеу» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы.

2013-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат және дін істер басқармасына қарасты «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МҚМ-нің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің маманы.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2015 жылдан қыркүйек айына дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының аға оқытушысы, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруды. 2017-2018 оқу жылынан бастап «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы, сондай-ақ «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының доценті, сонымен қатар, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап күні бүгінге дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша деканының орынбасары болып қызмет етіп келеді.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қ.А.Ясави атындағы ХҚТУ Құқықтану кафедрасының доценті, Ph.D.

Көшбасшылық теориясы пәні бойынша Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де дәрістер мен семинарлар берген.
Gtime corporation ЖШС команданы құру, қалыптастыру, бейімдеу және дамыту мәселелері тақырыбында семинар-тренинг өткізіп тұрады.

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) (11.05.2012 ж. № 614 ҚР БҒМ БСБК

 төрағасының бұйрығы

Докторлық диссертация 26.11.2011 жылы Л.Н.Гумилев  атындағы ЕҰУ-де

«Діни экстремизммен күресу мәселелерін халықаралық-құқықтық реттеу» тақырыбында қорғалған.