Медиация бойынша тренерлік курс

С 26 по 28 қараша аралығында ХҚҚО басшысы Жанділдә Жақыпов болашақ медиация тренерлеріне арналған онлайн-курс өткізді. Курс оқу сессияларын жүргізу дағдыларын дамытуға, жанжалдық жағдайларды талдауға және кәсіби ортада медиациялық әдістерді қолдануға бағытталды.

Қатысушылар тренингтің құрылымын меңгеріп, топтық динамикамен жұмыс істеу құралдарын алды және дауларды шешуге арналған практикалық кейстерді талқылады.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды аттестациядан өтіп, «медиация тренері» сертификаттарын алды.