Еңбек саласындағы медиация

БҚО-да «Еңбек даулары мен жанжалдарды шешуде медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада ХҚҚО кәсіби медиаторы Шатикова Зауреш еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешудің тиімді тәсілдері туралы негізгі ұсыныстарын жариялап, медиацияның практикалық маңызын атап өтті.

Шара қорытындысында тараптар медиацияны еңбек қатынастарына енгізу мәдениетін кеңейту және бірлескен ақпараттық жұмыстар жүргізу жөнінде ортақ келісімге келді.