2025 жылғы 2 маусымда ХҚҚО басшысы Жакупов Жанділда Өзбекстан Республикасының жоғары судьялар Кеңесі жанындағы жоғары судьялар мектебінің халықаралық конференциясында сөз сөйледі. Іс-шарада ол Қазақстанның татуластырушы судьяларының жұмысы, олардың қызметінің статистикалық нәтижелері және медиаторлар қауымдастығымен өзара іс-қимыл туралы айтты. Медиаторлардың сотқа дейінгі реттеуді дамыту қажеттілігі, татуластырушы судьялар институтын енгізудің оң және теріс жақтары және медиаторлардың қылмыстық медиацияны жүргізу ерекшеліктері туралы өз пікірімен және пайымымен бөлісті.