"Тиімді коммуникациялар" семинары

2024 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қонаев қаласындағы филиалында "Тиімді коммуникациялар"тақырыбында семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметкерлер үшін ұйымдастырылды.
Іс-шараға халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы-медиатор Жакупов Жанділда Әжіғалиұлы мемлекеттік тілде баяндама жасады. Іс-шара барысында қатысушылар БАҚ-пен өзара іс-қимылдың заманауи әдістерін зерделеді, практикалық мысалдарды талдады, сондай-ақ интерактивті талқылаулар мен топтық жұмыстарға қатысты.
БАҚ-пен сенімді диалог құру және медиаканалдар арқылы мемлекеттік бастамаларды тиімді ұсыну мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар алған білімдерінің практикалық құндылығын және оқытудың белсенді форматын атап өтті.
Семинар тез өзгеретін ақпараттық кеңістік жағдайында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын арттырудағы маңызды қадам болды.