2026 жылғы 27-29 қазан аралығында тренер-медиатор Жанділдә Жақыпов өндірістік компаниялардың басшылары мен қызметкерлеріне арналған медиация және келіссөздер бойынша тренингтер өткізді. Тренингтер күнделікті қызметіне келіссөздер жүргізу, даулар мен келіспеушіліктерді шешу және еңбек ұжымында тұрақты психологиялық ахуалды сақтау кіретін басшылық пен қызметкерлердің коммуникативтік және келіссөз жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасына жанжалдарды басқару, дағдарыстық келіссөздер жүргізу, фасилитация, дәлелдеу (аргументация), қарсылықтармен және айла-шарғылармен (манипуляциялармен) жұмыс істеу техникаларын меңгеру, еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды сындарлы шешу технологиялары мәселелері енгізілді. Тренер Жанділдә Жақыпов 10 жыл бойы бизнес және квазимемлекеттік сектормен жұмыс істеп, басшылар мен қызметкерлердің келіссөз процесі мен конфликт-менеджмент дағдыларын меңгеруіне бағытталған оқыту іс-шараларын өткізіп келеді. Оқыту мәселелері бойынша Орталық үйлестірушісі Аида Заманбековамен +77772157436 телефоны арқылы байланысуға болады.

