2026 жылғы 29 қазанда Alatau Creative Hub-та «Заң мен тәртіп. Медиация — келісім алаңы» тақырыбында конференция өтті, оған Алматы қаласы колледждерінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Конференцияда ХҚО Медиация орталығының үйлестірушісі, медиатор Аида Заманбекова сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қағидаттарының маңыздылығына аударды. Заң мен құқықтың үстемдігі, заң алдындағы баршаның теңдігі, жауапкершіліктің бұлтартпастығы және т.б. Медиаторлар да өз жұмысында осы қағидаттардың барлығын басшылыққа алады. Медиативтік келісім заң талаптарын бұзбауы тиіс, тараптар медиатор алдында тең, ешкімге артықшылық берілмейді, медиатор — дауларды реттеуге арналған тәуелсіз және бейтарап делдал. Медиация бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді, моральдық және материалдық залалды өтеуге ықпал етеді және тағы басқа. Медеу аудандық сотының судьясы сот медиациясы туралы айтып, Медеу соты Алматы қаласында бітімгершілік рәсімдер саны бойынша көшбасшы екенін атап өтті. Қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер медиация даулар мен жанжалдарды реттеудің тиімді құралы екенін және бизнесте, әлеуметтік мәселелерді шешуде сәтті қолданылатынын айтты. Құқық қорғау органдарының өкілдері де жастар мен оқушылардың қатысуымен болатын дауларды шешуде медиацияның маңыздылығын атап өтті. Іс-шара «Вечерний Алматы» газетінде және Алматы телеарнасында жарияланды.

