Медиация бойынша әлеуметтік жоба

ХПО «Social Project Management» ҚБ серіктестігімен медиация институтын насихаттауға және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған медиация бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға қатысуда. Осы жоба аясында ХПО басшысы, тренер-медиатор Жандильда Жақыпов Алматы колледждерінің студенттері үшін медиация туралы ақпараттық дәрістер өткізуде. Дәрістерге №1 және №2 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің, Алматы сервис және технологиялар колледжінің, Алматы политехникалық колледжінің, Сәулет, дизайн және инженерия колледжінің, Нархоз университеті Экономикалық колледжінің, Республикалық жоғары медициналық колледжінің, Халықаралық бизнес академиясы колледжінің және басқа да оқу орындарының студенттері қатысты. Студенттер мұндай іс-шараларға белсенді қатысып, қақтығыстарды шешу жолдарына және келіссөз жүргізудің кәсіби құралдарына қызығушылық танытуда.

 

Last modified on Жұма, 23 Қазан 2026 14:41