2026 жылғы 26 қыркүйек пен 04 қазан аралығында ХПО медиаторлары «АҚШ-тың қазіргі заманғы сот төрелігі моделі: соттар, нотариаттық тәжірибе және дауларды баламалы түрде шешу» тақырыбындағы халықаралық білім беру тағылымдамасы аясында АҚШ-қа (Вашингтон және Нью-Йорк қалаларына) барды. Топ Манхэттендегі АҚШ-тың Екінші округтік апелляциялық сотында, Құқықтық инновациялар орталығында, Нью-Йорк адвокаттар алқасында, Монтгомери округінің қақтығыстарды шешу орталығында және Вашингтон нотариаттық палатасында болды. Медиаторлар мен заңгерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан мен АҚШ құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін талқылады. Тағылымдама бағдарламасына сондай-ақ экскурсиялар мен сауда жасау (шопинг) кіреді. Білім беру тағылымдамаларына қатысу мәселелері бойынша ХПО үйлестірушісі Аида Заманбековаға +77772157436 тел. арқылы хабарласуға болады.
