2026 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Халықаралық медиация тәжірибесі, қоғамдық диалог және саяси тұрақтылықтың жаңа мүмкіндіктері. Заманауи медиатордың құралдары: этносаралық дауларды реттеудегі жасанды интеллекттің тәсілдері мен мүмкіндіктері» тақырыбында 4 күндік тренинг өтті. Бұл тренингті халықаралық дәрежедегі тренер-медиатор, тәжірибелі медиатор Жандильда Жақыпов, тренер-медиатор, психолог Аида Заманбекова және тренер-медиатор, отставкадағы судья Халбуви Шарифбаева жүргізді. Тренингке этносәдени бірлестіктердің басшылары қатысып, сертификаттар алды. Тренинг бағдарламасы этноконфликтология, келіссөз процесі, медиация негіздерін және даулар мен жанжалдарды шешуге арналған келіссөз жүргізушінің құралдарын қамтыды.


