2026 жылғы 09 қазанда Орталық Азия медиаторлар консорциумы қызметі айналасында ұйымдастырылған Әзербайжан медиаторларына арналған вебинар өтті. Вебинар қазақстандық медиация моделіне арналды, спикер ретінде ХПО басшысы Жақыпов Жандильда сөз сөйледі. Ол әзербайжандық әріптестеріне Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасы, медиация процесінің ерекшеліктері, медиатордың құжаттамасы, біздің республикамыздағы қылмыстық, отбасылық және азаматтық медиацияның ерекшеліктері туралы айтып берді. Желтоқсан айында тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында Әзербайжан медиаторларының Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланған.
