6 - 11 тамыз аралығында Орталық Азия медиаторлар консорциумының IV Халықаралық медиация жазғы мектебі өтті. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Беларусь Республикасы,
Германия, Қытай, АҚШ және Украинадан 100-ден астам медиатор, мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің өкілдері, академиктер мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Мектеп аясында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылды: медиаторлардың біліктілігін арттыруға арналған оқытулар, 4 елдің мәдениет күндері, Сингапур және Гонконг конвенциялары бойынша халықаралық конференция, медиацияның болашағы туралы дөңгелек үстел, экскурсиялар, жағалаудағы демалыс, Гала-кеш және байқаулар.
Атырау қаласынан келген ХҚО (Международный правозащитный центр) медиаторы Наурзалиев Айдос Apple IPAD супер-призін ұтып алды. Жеңімпазды құттықтаймыз, сондай-ақ Астана мен БҚО филиалдарының басшыларына және 6 қаладан келіп, мектептің белсенді қатысушысына айналған ХҚО-ның барлық медиаторларына алғыс айтамыз!
Қазақстанның мәдениет күнін өткізуге үлкен үлес қосқан медиаторларымызға ерекше алғыс білдіреміз!
2026 жылдың 6 тамызында «Шекарааралық медиация: Сингапур және Гонконг конвенциялары» атты Халықаралық конференция өтті.
Конференция бір күн аясында шекарааралық медиативтік келісімдерді мойындау және орындау тақырыптарын, халықаралық медиация орталықтарының тәжірибесін және шетелдік тараптармен жұмыс істейтін өңір медиаторларына арналған тәжірибелік құралдарды біріктірді. Конференцияның мақсаттары:
- Сингапур конвенциясы мен Гонконг медиация конвенциясы бойынша медиативтік келісімдерді мойындау және орындау тетіктерін талдау;
- Орталық Азия және ТМД елдеріндегі шекарааралық медиативтік келісімдерді экзекватуралаудың ұлттық модельдерін ұсыну;
- Халықаралық медиация орталықтарының (Сингапур, Гонконг, ОА өңірі) кейстері мен стандарттарын зерделеу;
- Шекарааралық өлшем бөлігінде Медиация жөніндегі Ыстықкөл декларациясына енгізу үшін ұсынымдар қалыптастыру.
Конференцияда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Сингапур, Беларусь, Украина, Германия және Австриядан келген спикерлер келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
- «Қырғыз Республикасының медиация саласындағы мемлекеттік саясаты: заңнамалық реформалар және халықаралық ынтымақтастық»;
- «Халықаралық конвенцияларды қол қою және ратификациялау кезіндегі медиаторлар ұйымының рөлі»;
- «Өзбекстанда медиацияны дамытудың заманауи үрдістері: заңнама, сот тәжірибесі және шекарааралық медиация перспективалары»;
- «Медиация туралы Сингапур конвенциясына шолу» (Конвенцияның негізгі ережелері • медиативтік келісімдерді мойындау және орындау шарттары • өңір елдері үшін ескертулер мен шектеулер);
- «Халықаралық келіссөздер мен медиацияны дамытудың жаңа кезеңі ретіндегі Сингапур конвенциясы»;
- «Халықаралық медиация ұйымының институционалдық инфрақұрылымы және оның Сингапур конвенциясымен байланысы»;
- «Гонконг конвенциясы: халықаралық коммерциялық дауларды шешудегі медиаторлар үшін жаңа мүмкіндіктер»;
- «Шекарааралық медиативтік келісімдерді экзекватуралаудың ұлттық моделін таңдау» (Өңір елдеріндегі медиативтік келісімдерді орындау модельдеріне салыстырмалы талдау);
- «Кәсіби халықаралық медиация орталығын құру — Сингапур тәжірибесі» (Сингапурдың институционалдық тәжірибесі: кәсіби медиация орталығын дамыту, стандарттар, аккредиттеу);
- «Отбасылық даулар бойынша шекарааралық медиация. ЕО тәжірибесі»;
- «Шекарааралық медиациядағы құжат айналымы».
- Жазғы медиация мектебі аясындағы оқытулар келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Этикалық зертхана». Нақты дилеммалар: мүдделер қақтығысы, құпиялылық, шекаралар, медиатор және соттар. Формат: модератор + сарапшылар. Тренер – Галина Воловодова (Ресей). Медиатор, тренер-медиатор, медиация супервизоры.
- «Cross-Border Dialogue: шекарааралық даулар және медиативтік келісімдерді мойындау». Сингапур және Гонконг конвенцияларына шолу: өңір медиаторлары үшін негізгі ережелер, мүмкіндіктер мен шектеулер. Өңірлік кооперация перспективалары. Тренер – Өзлем Бора (Түркия), Ондокуз Майыс университетінің профессоры, азаматтық іс жүргізу және атқару құқығы кафедрасының меңгерушісі, медиатор, адвокат, арбитр.
- «Психологиялық тұрақтылық». Қалпына келтіру тәжірибелері. Үреймен және сенімсіздікпен жұмыс істеу. Топтық супервизия «Менің күрделі жағдайым». Тренер – Нурайым Исламова (Қырғызстан). Халықаралық коммерциялық медиация орталығының (IBMH) медиаторы, әлеуметтік психолог.
- «Медиаторларға арналған профайлинг негіздері». Негізгі қағидаттар, профайлинг құралдары, қолдану тәжірибесі. Тренер – Жандильда Әжигалиевич Жакупов (Қазақстан). Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығының TDAB вице-президенті, Еуразиялық медиаторлар одағының құрылтайшысы, Орталық Азия медиаторлар консорциумының тең төрағасы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ президенті.
- «Медиатордың жеке бренді және маркетинг». Тренер – Айнура Баратова (Қырғызстан), Жылжыту және корпоративтік қатынастар бөлімінің басшысы, International Business Mediation Hub (IBMH).
- «Шекарааралық медиация тиімділігінің негізгі факторы ретіндегі мәдениетаралық коммуникация». Тренер – Шахноза Ганибаева (Өзбекстан), заң ғылымдарының кандидаты, медиатор, Ташкент медиация орталығының тренері, Әлемдік экономика және дипломатия университетінің доценті.
Медиация жазғы мектебінің барлық қатысушыларына аяқталғаннан кейін сертификаттар, ал белсенділерге алғыс хаттар табысталды.
V Халықаралық медиация жазғы мектебі 2027 жылы Әзірбайжан Республикасында өтеді. Жазғы мектепке жазылу және кеңес алу үшін МПЦ Медиация орталығының үйлестірушісі А. Заманбековаға хабарласыңыз: +77772157436.


