Батыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының алаңындағы «Адал азамат – белсенді қоғам» өңірлік кеңсесінде «Бір-бірімізді есту — бірге әрекет ету» атты интерактивті тренинг-диалог өтті.
Ашық кездесуге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар маңызды тақырыптарды талқылады:
? медиация және даулы жағдайларды бейбіт жолмен реттеу;
? ұрпақтар арасындағы диалог;
? қарым-қатынас, мінез-құлық және өзара қарым-қатынас мәдениеті;
? өзара сыйластық пен түсіністік;
? бірлескен қоғамдық бастамалар мен іс-әрекеттер.
Интерактивті формат қатысушыларға пікір алмасып қана қоймай, өмірлік жағдайларды талдауға, келспеушіліктердің туындау себептерін талқылауға, медиативті құралдармен және компромисс іздеу жолдарымен танысуға мүмкіндік берді. Медиация туралы Қазақстан Республикасынын құрметті медиаторы, «Ақжайық Тамыры» ҚБ төрайымы Зуря Ахметқызы Шатикова айтып берді.
Кездесудің басты қорытындысы — жас ерекшелігі, өмірлік тәжірибе және әртүрлі көзқарастар адамдарды бөлмеуі тиіс деген түсінік. Ашық әрі сыйластыққа негізделген диалог бізге бір-бірімізді естуге, ортақ шешім табуға, күш-жігерді біріктіруге және қоғамдық маңызы бар міндеттерді бірлесіп шешуге көмектеседі.
Іс-шараның негізгі формуласы:
Есту → түсіну → келісу → бірге әрекет ету.
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне және барлық қатысушыларға белсенділіктері, ашықтықтары және сындарлы диалогқа дайын екендіктері үшін алғыс айтамыз!
