Медиаторларға арналған профайлинг тренингі

13-14 тамыз күндері ТҚО медиаторларына арналған «Медиаторларға арналған профайлинг» тақырыбында тренинг өтті. Оны тренер-медиатор, профайлинг маманы Жандильда Жакупов жүргізді. Бұл тренинг дауласушы тараптармен жұмыс істеу барысында өз біліктілігін арттырғысы келетін, келіссөздерді сәтті жүргізу және дауларды реттеу құралдары мен әдістерін үйреніп жүрген кәсіби медиаторларға арналған.

Профайлинг — бұл адамның дене тіліне, атап айтқанда: ым-ишараға, мимикаға, дене қалпына, дауырлауға және басқа да белгілерге негізделген психологиялық бейнесін талдау. Профайлингтің негізгі құралдары:

  • Жедел психодиагностика (адамның психотиpін анықтау)
  • Өтірікті анықтау және эмоцияларды оқу (аспапсыз өтірікті анықтау: мимика, ым-ишара, сөйлеу мәнері және т.б. арқылы).

Тренингте қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:

Профайлинг және оны қолдану мүмкіндіктері.

Жеке тұлға түрлері, оларды тани білу.

Жедел психодиагностика.

Психотиптерді зерттеу және олардың репрезентативті жүйелерін анықтау.

Базалық мінез-құлық модельдері және лимбиялық жүйе.

Психологиялық портрет жасау.

Эмоцияларды тану және оларды басқару.

Беттің макро- және микроэкспрессиялары. Facereading (Бетті оқу).

Ым-ишара және дене қимылдары тілі.

Негізгі ым-ишаралар және оларды шифрлау.

Вербалды коммуникация.

Манипуляция және оған қалай қарсы тұруға болады.

Сұрақ қою өнері, Small Talk (Бейресми әңгіме).

Сауалнама жүргізу әңгімесі. Профай легке арналған келіссөз жүргізу техникалары.

Өтірікті анықтау. Өтірік белгілері, бағалау және алдау сигналдары.

 
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Келесі тренингке жазылу үшін үйлестірушімен мына телефон арқылы хабарласыңыз: +77772157436
 
Last modified on Дүйсенбі, 31 Тамыз 2026 17:10