Халықаралық медиация конференциясы

2026 жылғы 14 шілдеде Түркияның Анкара қаласындағы Судьялар үйінде Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінде ынтымақтастықты институционализациялау. Медиацияның болашағы. Түркі әлемі медиация туралы конвенциясы» атты халықаралық медиация конференциясы өтті. Конференцияға Азербайджан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген адвокаттар, медиаторлар, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар, университет оқытушылары, медиаторлар ұйымдарының басшылары, сондай-ақ Косово Республикасының Бұрынғы Әділет министрі қатысты. Қазақстан атынан Анкарада МПЦ Президенті, Орталық Азия медиаторлар консорциумының тең төрағасы, тренеp-медиатор Жандильда Жакупов Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығын дамытудың одан арғы бағыттары бойынша өз ұсыныстарымен сөз сөйледі. Қатысушылардың баяндамаларының негізгі тақырыптары төмендегідей: Түркиядағы медиацияның заманауи жағдайы мен даму перспективалары,
Дауларды баламалы шешу тәсілдерінің институционалдық дамуы және олардың құқықтық аспектілері,
Медиацияны институционализациялау және оның құқықтық негізі,
Халықаралық медиацияны дамыту және салыстырмалы-құқықтық тәсіл,
Халықаралық медиация тәжірибесіндегі заманауи үрдістер,
Трансшекаралық даулар,
Жасанды интеллектті қолдану және т.б.
 
Last modified on Сейсенбі, 25 Тамыз 2026 17:07