Медиация бойынша қонақ дәрісі

2026 жылғы 27 мамырда Орал қаласында халықаралық Core Skills бағдарламасының шақыруымен Халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Шатикова Зуря Ахметовна медиация саласының сарапшысы ретінде онлайн форматтағы қонақ дәріс өткізді. Дәріске еліміздің және жақын шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері – болашақ дипломаттар, халықаралық қатынастар мамандары, мемлекеттік органдардың болашақ және қазіргі қызметкерлері қатысты. Медиатор Шатикова З.А. медиацияның негіздері, оның қағидаттары, өткізу тәртібі және қолданылу салалары туралы баяндады. Сонымен қатар медиация рәсімдерінің мысалдарын келтіріп, өз тәжірибесінен түрлі кейстермен бөлісті. Студенттер көптеген сұрақтар қойып, дәріскер олардың барлығына жан-жақты жауап берді. Кездесу жылы, мерекелік әрі іскерлік атмосферада өтті.

Last modified on Дүйсенбі, 08 Маусым 2026 12:11