IX Халықаралық медиация фестивалі

2026 жылғы 24–25 сәуірде Минск қаласында (Беларусь) «Болашақ медиациясы» атты мектеп оқушылары мен студенттердің Халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараны «Беларусь республикалық заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Минск қалалық атқару комитетінің Білім комитетімен және «Медиация және құқық» орталығы оқу-тәжірибелік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Фестиваль жұмысына медиаторлар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, педагогтер, оқушылар, студенттер, магистранттар және аспиранттар қатысты.

Іс-шара білім беру саласында медиацияны енгізу және дамытуға бағытталды. Фестиваль аясында дауларды реттеу мәселелері бойынша конференциялар, мастер-кластар, интерактивті алаңдар, шығармашылық шеберханалар, мектеп оқушылары, студенттер және ересектерге арналған секциялар өткізілді.

Фестивальге МПЦ басшысы, тренер-медиатор Жакупов Жандильда және МПЦ үйлестірушісі Заманбекова Аида қатысты.

Келесі жылы X Халықаралық медиация фестиваліне қазақстандық мектеп оқушылары мен студенттерінің қатысуы жоспарлануда.

Last modified on Сейсенбі, 05 Мамыр 2026 18:05