Қырғыз Республикасының медиаторларының Құрылтай съезі

     2026 жылғы 14 наурызда Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының медиаторларының Құрылтай жиналысы өтті. Жиынды ұйымдастырушылар — Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі, Қырғыз Республикасының Республикалық медиаторлар қоғамдастығы (РМҚ), сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен өтті. Съезге медиаторлар, Жогорку Кеңеш депутаттары, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өкілдері, халықаралық сарапшылар мен серіктестер қатысты.

         Съездің мақсаты — Қырғыз Республикасының Медиаторлар палатасын құру, құрылтай және ішкі нормативтік құжаттарды бекіту, Палатаның басқару органдарын қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық жүйе үшін стратегиялық маңызы бар қадам — Қырғызстанның халықаралық бітімгершілік келісімдер туралы БҰҰ Конвенциясына қосылуын талқылау болды. Бұл алдағы уақытта медиация нәтижелерін халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік береді. Съезд жұмысына сондай-ақ ХҚО басшысы Жақыпов Жандильда мен ХҚО үйлестірушісі Заманбекова Аида шақырылды. Жақыпов Ж. құттықтау сөз сөйлеп, Қырғызстан медиаторлары үшін осындай тарихи сәтте қолдау білдірді.

         Іс-шараның ашылуында Қырғызстандағы медиация тақырыбында Қырғыз Республикасының Әділет министрінің орынбасары Қ.Қ. Казаков, ЕҚДБ өкілдігінің өңірлік директоры Айтен Рустамова, БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі А. Соловьева, Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының төрағасы Якуп Эрикел сөз сөйледі.

         Съезде Қырғыз Республикасының Медиаторлар палатасының Жарғысы, Қырғыз Республикасының медиаторының кәсіби әдеп кодексі, Медиаторлар палатасы кеңесі туралы ереже, Тексеру комиссиясы туралы ереже, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған Медиаторлар палатасын дамыту бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар, Палата Кеңесі мен комиссияларының мүшелері сайланды.

         Съездің екінші жартысында Қырғызстанның медиация жөніндегі Сингапур конвенциясына қосылу тақырыбын заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық сарапшы Наталья Борисовна Аленкина жан-жақты ашып көрсетті. «Медиатордың кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбындағы панельдік пікірталаста Әзербайжан, Өзбекстан және Түркиядан келген халықаралық сарапшылар баяндама жасады. Қазақстандағы медиацияның өзекті мәселелері туралы өз сөзінде ХҚО үйлестірушісі, тренер-медиатор Заманбекова Аида айтып өтті.

Last modified on Дүйсенбі, 16 Наурыз 2026 18:45