2026 жылғы 6 ақпанда «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ басшысы Ж.А. Жақыповтың Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Ректоры Өмірәлі Жазира Өмірәлиқызымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында білім беру ортасында, соның ішінде халықаралық деңгейде медиация институтын ілгерілету және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар Түркиядан келетін университет оқытушылары мен профессорларының, Әзірбайжан ғалымдарының және Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығы өкілдерінің алдағы сапарын пысықтады. Шетелдік қонақтар мен Қазақстанның тренер-медиаторларының қатысуымен студенттерге арналған бірқатар қонақтық дәрістер өткізу жоспарланды.