2025 жылғы 4 қараша күні Türk Dünyası Arabulucular Birliği (TDAB) басшылығы Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне ресми сапармен келді.
Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев түркі әлемі медиаторлар қауымдастығының (TDAB) делегациясын қабылдады.
Делегация құрамында:
— Жакупов Жанділдә Әжіғалиұлы, Халықаралық құқық қорғау орталығының Президенті, TDAB Вице-президенті, Қазақстан медиаторлар қауымдастығының бас директоры;
— Надир Адилов, Әзербайжан Республикасының Mediasiya Şurası Директорлар кеңесінің төрағасы, TDAB төраға орынбасары;
— Айше Эда Гундай, TDAB медиацияны ілгерілету жөніндегі комиссиясының үйлестірушісі, заңгер-медиатор;
— Юсуф Гөзел, TDAB Бас хатшысы;
— Нур Өзден, Түркия отбасы медиациясы ұйымының төрайымы.
Кездесу барысында қатысушылар TDAB бастамаларына қолдау көрсетіп, жылы қабылдау ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Сәпиевке ризашылықтарын білдірді.
Елші Еркебұлан Сәпиев медиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, TDAB қызметі түркі әлемі елдері арасындағы диалогты, өзара түсіністікті және дауларды бейбіт жолмен шешуді дамытуға зор үлес қосатынын айтты.
Сондай-ақ, Елші кездесудің нәтижелеріне қанағаттанушылығын білдіріп, делегацияға құқық қорғау және медиация салаларындағы жұмыстарына табыс тіледі.
.jpeg)
.jpeg)
