2025 жылдың 29 тамызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға әртүрлі елдерден (Италия, Грузия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан) келген сарапшылар, ғалымдар, медиаторлар ұйымдарының басшылары, медиаторлар, заңгерлер қатысты. Олар Қазақстанды осы айтулы күнмен құттықтап, елге тұрақтылық пен өркендеу тіледі.
Барлық баяндамалар мазмұнды әрі танымдық болды. Онда Қазақстан Конституциясының ел дамуының негізі ретіндегі маңызы, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудағы конституциялық қағидаттар, Конституцияның қоғамдық өмір мен құқықтық мемлекетке ықпалы, этномедиация, медиатор және оның қоғамдағы рөлі, қазақстандық этносаралық келісім моделінің халықаралық деңгейде мойындалуы және басқа да тақырыптар қозғалды.