Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы

2025 жылдың 20 ақпанында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс Алматы қ. әкімінің орынбасары, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Азамат Бескемпірұлы Қалдыбековтың төрағалығымен өтті.

Оған Алматы қ. ҚХА этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, мәслихат депутаттары, қоғамдық құрылымдар мен жастар ұйымдары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласында жалпыұлттық құндылықтарды, бірлікті, бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.

Күн тәртібінде үш мәселе тұрды:

  1. Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамын бекіту және Алматы қ. Қазақстан халқы Республикалық Ассамблеясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы.
  2. Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын этномәдени бірлестіктерден бекіту туралы.
  3. Алғыс айту күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу туралы.

Кеңес отырысы мен дауыс беру қорытындысы бойынша РҚБ басшысы Жакупов Жанділда Әжіғалиұлы 2025 жылға Алматы қаласы ҚХА медиация кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.