Медиация бойынша дәріс

2024 жылдың 16 наурызында  8-ші Студенттік сайысының аясында студенттер үшін медиация  бойынша  «Медиация әлемдік тренд ретінде» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті ағылшын медиаторы Билл Марш оқыды, оның медиация жүргізуде үлкен тәжірибесі бар және Еуропадағы ең үздік медиаторлардың бірі ретінде танылған. Оның пікірінше, жаһандық сауданың дамуы дауларды шешудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануға алып келеді,  соның ішінде медиацияны. Медиация тәртібімен шешілетін даулардың саны артып келеді. Қоғамдық даму мәдениеті мен дауларды  шешу мәдениеті жоғары елдерде медиация жетістікті.

Мемлекеттер үкіметтері медиацияға екі ой-пікір бойынша назар аударады: 1) экономикалық тұрғыдан және 2) философиялық тұрғыдан. Медиацияға инвестиция салған елдерде медиацияның саны артып келеді. Билл Марш медиация саласында өз қызметін 1991 жылы бастады. Англияда медиация туралы арнайы заң жоқ, бірақ жыл сайын мыңдаған медиация өткізіледі. Дәрісті ағылшын тілінде you-tube арнасында  https://www.youtube.com/watch?v=thyt7SSj81E сілтемесі арқылы өз тіліңіздегі субтитрлерімен тыңдай аласыз. Барлық сұрақтар бойынша Орталықтың үйлестірушісі Аида Заманбековаға +77772157436 телефоны арқылы хабарласуға болады.