Mercy университетінің медиация орталығы (АҚШ)

2024 жылғы 6 сәуірден 14 сәуірге дейін ХҚҚО медиаторлары Америка Құрама Штаттарында (Нью-Йорк және Вашингтон) халықаралық тағылымдамадан өтті. Іскерлік сапармен тағылымдама аясында медиаторлар Mercy университетінде орналасқан IMCR медиация орталығына барды. Орталық туралы ақпаратпен ХҚҚО үйлестірушісі, медиатор Аида Заманбекова бөлісті:

«Орталықта Нью-Йоркте жұмыс жасайтын  600 бітіруші-медиаторлар бар. Орталықтың миссиясы – адам өзін қоршаған ортаны өзгерте алады. Орталық 1969 жылы құрылып, оқу орталығы ретінде жұмысын бастады. Бағдарлама медарб болды, кейстер медиация немесе арбитраж арқылы өтті. Бір жыл өте адамдар оқуға келе бастады, ол кезде медиация бойынша заңнама жоқ еді.

1975 жылы Нью-Йоркте қаладағы алғашқы медиация орталығын ашты. Орталықтың медиаторларымен 2 полиция учаскесі жұмыс істей бастады, барлық істер орталыққа жолданып, медиация немесе арбитраж арқылы шешілді. Бұл өз нәтижесін бере бастады, содан кейін қылмыстық сот медиаторларды оқытуды және медиация рәсімдерін жүргізуді қаржыландыруға кірісті. Шешуі орта есеппен 25 минутты алатын 1 (бір) іске $20 төленді. Соттар бұл істермен айналысқысы келмеді. 1981 жылы  медиацияны штатпен ұсынылған заң  қабылданды. Қазіргі уақытта Нью-Йорк штатында 62 аймақ бар, олардың әрқайсысында өз медиация орталығы бар. Медиация бағдарламасын мемлекет төлейді. Медиация орталығының негізін қалаушы американдық медиатор, арбитр және ықпалды қоғамдық адвокат Теодор Хилл болып табылады. Орталықта қадағалаумен айналысатын құрылым бар.  Мемлекет медиаторларға медиатор жүргізген рәсімдер санына қарай ақы төлейді.

Негізгі медиация курсы 40 сағатты құрайды және 5 айға дейінгі тағылымдамадан өту міндетті болып табылады. Медиаторлар оқудан өтіп, медиаторлардың бірыңғай деректер базасына кіріп, тіркеу нөмірін алады.