АҚШ Лонг-Айлендтың медиация орталығы

2024 жылғы 6 сәуірден 14 сәуірге дейін ХҚҚО медиаторлары Америка Құрама Штаттарында (Нью-Йорк және Вашингтон) халықаралық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама аясында медиаторлар Лонг-Айлендтегі жанжалдарды шешу орталығына барды. Бұл орталық қоғамдық медиациямен айналысады және халыққа медиацияны тегін жүргізетін ерікті медиаторлары бар. Өтініштер Call-Center арқылы қабылданады, содан кейін ағымдағы жағдайды анықтау үшін скринингтік сессия өткізіледі.

Бұл орталықтың медиаторлары зорлық-зомбылықтың ауыр жағдайлары немесе қылмыстармен айналыспай, тараптарды бірден сотқа жібереді. Медиация қашықтан немесе кеңседе жүзеге асырылады. Сот істері сот қарасты тізілімде тұрған медиаторларға ғана беріледі. Медиацияны үйрететін тренерлер сертификатталады. Лонг-Айлендте медиацияның  негізгі оқытуы жүргізіледі, ал медиаторлар кейіннен мамандандырудан өтеді. Орталық  өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдары ашылған,  Лонг-Айлендтегі алғашқы орталық болып табылады және негізінде  10 000 АҚШ $ -нан аспайтын сомадағы  дауларды  шешуге  көмектеседі.

Медиация туралы арнайы заң жоқ, бірақ жалпы заңдарда медиация туралы нормалары бар. Орталықтың медиаторлары қоғамда, аудан ішінде, мемлекеттік органдар мен мүгедектер арасында туындайтын дауларды шешеді. Полиция да істерді медиаторларға жібереді. Халықаралық тағылымдамадан өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша Орталықтың үйлестірушісі Аида Заманбековаға +77772157436 телефоны арқылы хабарласуға болады.