Заңгер Елена Ревединская Facebook желісінде медиатор Делмұхаметова Назира Халелқызына және Қостанай облыстық сотының делдал судьясына алғысын білдірді. Медиатор мен судьяның кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында дау Қостанай облыстық сотының апелляциялық сатысында шешілді. Тараптар медиация туралы келісімге қол қойды, оған қол қойғандар саны - Қазақстанның әр өңірінен 11 адам. Бір уақытта сот және соттан тыс медиациясы қолданылды.