РҚҰ ХҚҚҰ медиация орталығы ҚР Президенті жанындағы РМБ "Қоғамдық келісім" және Алматы қаласының Достық үйімен бірлесіп "этникааралық қақтығыстар "тақырыбында онлайн-вебинар өткізді. Вебинардың модераторы медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Алтекова болды. Вебинарға ХҚҚҰ кәсіби медиаторлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының басшылары қатысты. Барлық қатысушылар этникааралық жанжал ұғымын және оның ерекшеліктерін, себептері мен түрлерін, жанжалдардың алдын алу және реттеу шараларын талдады. Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушылар мен жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Жақыповқа алғыстарын білдірді.