РҚҰ «Халықаралық Құқық Қорғау Орталығы» басшысы Жанділдә Жақыпов Халықаралық құқық қорғау орталығының әйелдер қауымын 8-наурыз мейрамымен құттықтады
Құрметті біздің сүйікті де сымбатты, инабатты, алма мойын ақ жүректі аруларымыз! Жүрегімізден ерекше орын алған әйелдеріміз, қыздарымыз, аналарымыз, енелеріміз, құрбы-құрдастарымыз, және тағы басқа қайсар жүрек аруларымыз! Барлықтарыңызды 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бар тілерім - жүректеріңіз тек сіздерді сүйетін, жақсы көретін адамдар жандарыңызға жалғау болып, нағыз махаббат пен қамқорлықтың не екенін сезіндірсін! Әр сәтте осындай қайталанбас көркем жанды, еңбекқор және жылы жанды әлемнің нәзік жаратылысы болып қала беріңіздер! Бақытты болыңыздар, үнемі ойнап, күліп жүре беріңіздер!
Ұйымның әйелдер қауымын құттықтай отырып, ол әрдайым осындай сұлулық, даналық, бақыт, жұмыстарыңызға сәттілік, денсаулық және жарқын көңіл-күй тілейді!