Кәсіби медиатор, Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы-медиатор Жанділда Жақыпов отбасы мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Келіссөздер 2 сағаттан астам созылды.
Тараптар өзара эмоцияға берілгеннен кейін, ортақ келісімге қол жеткізу мүмкін болмады. Алайда, медиатор тараптарға ортақ консенсусқа келуге көмектесті.
Отбасылық дауды қатысушылар өміріндегі ауыр оқиғалардың бірі ретінде қабылдайды. Ажырасу ажырасқан ерлі- зайыптылардың өткір эмоциялық реакциясы (реніш сезімі, ашулану, сенімнің жоғалуы), бірлесіп жинаған мүлікті бөлу және жеке қаржыны қайта ұйымдастыру, балаларды бірлесіп тәрбиелеу және алимент төлеу туралы уағдаластықтарды жасау, ілеспе заңдық рәсімдерді жүзеге асыру сияқты құбылыстармен ұштасады.
Отбасы жанжалдарының эмоциялық шиеленісуі және қатысушылар арасындағы жақын қарым-қатынастар тараптардың мүдделеріне және олардың психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған дауларды шешудің неғұрлым икемді және бейресми тәсілі ретінде медиацияға деген сұранысты алдын ала анықтады және арттырды.
Біздің құқық, медиация және келіссөздер орталығы әрдайым отбасылық, еңбек, корпоративтік дауларды және т. б. шешуге дайын.