РҚҰ «Халықаралық Құқық Қорғау Орталығы» басшысы Жанділдә Жақыпов еліміздегі бірінші қоғамдық “Sector X” радиоканалында қонақта болып қайтты.
Әңгіме барысында Жанділда Жақыпов Қазақстандағы медиация даму мәселелерін қозғады: Медиация-бұл, жанжалға мүдделі емес бейтарап үшінші тараптың қатысуымен дауларды баламалы реттеудің жаңа түрі. Медиатор осындай тарап ретінде әрекет етеді, ол дауға немесе сот талқылауына қатысушыларға белгілі бір келісімді әзірлеуге көмектесіп, бұл ретте тараптар дауды реттеу бойынша шешім қабылдау процесін және оны шешу шарттарын толығымен өз бақылауларында ұстайды. Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастар бойынша дауларда қолданылуы мүмкін. Қазақстанда "Медиация туралы" Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді . Осы Заң ҚР- да медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қағидаттары мен өткізу рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Медиацияның негізгі қағидаттары: еріктілік,құпиялылық, өзара құрмет, тараптардың тең құқылығы, рәсімнің бейтараптығы мен ашықтығы, медиатордың бейтараптылығы ".
Сонымен қатар, Жанділда Жақыпов медитативтік процедураны өткізу бойынша практикалық тәжірибе мен білімімен бөлісті.
Біз радио тыңдаушылары құзыретті сарапшыдан өзекті және қызықты ақпарат алды деп үміттенеміз.