С 17 по 21 қараша аралығында ХҚҚО басшысы Жанділдә Жақыпов Алматы қаласының мектеп директорларына семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға қаланың сегіз ауданынан келген 200-ден астам мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар келіссөз жүргізу бойынша мастер-класстан өтіп, мектеп ортасындағы этносаралық жанжалдарды шешу жөніндегі практикалық кейстерді талқылады. Бастама білім беру ұжымдарында бейбітшілік пен келісім мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.



