2025 жылғы 26 қазан күні Бішкек қаласында Қырғызстан медиаторларымен жұмыс жиналысы өтті. Шара барысында Қырғызстан Ұлттық медиаторлық орталығының жетекшісі Гүлсина Жолдошбековна Кожоярова, Ташкент медиаторлық орталығының жетекшісі Диёрбек Кимсанов, Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының төрағасы Якуп Эрикель және МПЦ жетекшісі Жандильда Жакупов (Қазақстан) сөз сөйледі.
Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан медиаторлық орталықтары Орталық Азия медиаторлары консорциумы құрамына кіреді. Биыл консорциум төрағасы – Г. Ж. Кожоярова.
Жиналыста осы елдерде медицияны дамыту мәселелері, сондай-ақ 2025 жылғы 30 мамырда Гонконгте (Қытай) қол қойылған Халықаралық медиция конвенциясы қаралды.
Орталық Азия медиаторлары консорциумы құрамындағы медиаторлық орталықтардың жетекшілері келесі жылға арналған стратегиялық жоспарға қол қойды. Жоспарға Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан қатысатын алдағы айларға арналған іс-шаралар енгізілген.
