ЕНУ ректорының жұмыс кездесуi

2025 жылғы 20 қазан күні Қазақстан, Қырғызстан және Түркия медиаторларының жетекшілерінен тұратын делегация Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация университет музейін аралап шықты, онда тарихи құжаттар, фотоархивтер және түркі халықтары туралы ақпарат орналастырылған. Кейін құқық факультетінің оқытушылары және деканатымен кездесу өтті.

Сапардың басты мақсаты — ЕҰУ ректоры Ерлан Батташевич Сыдыковпен кездесу болды. Ректор медиция институтының жастар ортасындағы және білім беру ұйымдарындағы қақтығыстарды шешудегі маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ медиция мәселелері бойынша ынтымақтастық жасау және «Muslihun» кітабын қазақ тіліне аударуға қолдау көрсету ниетін білдірді.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне сапар ұйымдастырғаны үшін профессор Нэля Лукпановна Шапековаға алғысымызды білдіреміз.