Туризм және спорт академиясында медиция бойынша қонақ дәріс

2025 жылғы 4 қарашада Туризм және спорт академиясында Олимпиадалық спорт және дене шынықтыру факультеттерінің студенттері үшін медиция бойынша қонақ дәріс өтті. Дәрісті МПЦ үйлестірушісі, тренер-медиатор Аида Заманбекова өткізді.

Дәріс барысында спикер медицияның негіздерін жан-жақты түсіндірді: негізгі принциптер, рәсімді жүргізу тәртібі және әртүрлі дауларды шешуде медиатордың рөлі.

Студенттер тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты — белсенді түрде сұрақтар қойып, қақтығыстар мысалдарын талқылады және оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынды.