2025 жылғы 20 қазан күні медиаторлық орталықтардың жетекшілері — Якуп Эрикель (Түркия), Жандильда Жакупов (Қазақстан) және Авазбек Шамшиев (Қырғызстан) Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құқық факультетінде қонақ дәрістер өткізді.
Спикерлер өз елдеріндегі медицияның дамуы ерекшеліктерін таныстырды, медиаторлардың жұмысындағы практикалық құралдармен бөлісті және дауларды шешу саласындағы маманның негізгі міндеттерін ашып көрсетті.
Дәрістер барысында студенттерге медиатор болуға кімнің құқығы бар, қандай жағдайларда онымен хабарласуға болады, сондай-ақ медиатор біліктілігін қалай алу және оны құқықтық мамандықпен үйлестіру мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара ЕҰУ омбудсмені, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нэли Лукпановна Шапекованың бастамасымен ұйымдастырылды.

