КНУ-де медиция бойынша қонақ дәріс

2025 жылғы 25 қазан күні Қырғызстан Ж. Баласағұн атындағы Ұлттық университетінің шақыруымен МПЦ жетекшісі Жандильда Жакупов пен МПЦ үйлестірушісі Аида Заманбекова Бішкек қаласында университеттің 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Мереке кезінде Қырғызстан Президенті әкімшілігі КНУ ректорына «Манас» мемлекеттік орденін табыс етті.

Шарадан кейін медиаторлық орталықтардың басшылары — Жандильда Жакупов (Қазақстан), Диёрбек Кимсанов (Өзбекстан) және Түркі әлемі медиаторлары қауымдастығының төрағасы Якуп Эрикель (Түркия) — құқық факультеті студенттері үшін медиция бойынша қонақ дәрістер өткізді. Дәрістер интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

TDAB жетекшісі Якуп Эрикель студенттерді келесі жылы Анкараға медицияға арналған шараға қатысуға шақырды.