Медиаторлар делегациясының TRT телеарнасына сапары

Қырғызстан, Қазақстан және Түркия медиация орталықтарының басшылары құрамынан тұрған делегация Астанадағы TRT Түрік телерадиокорпорациясының студиясына барып, Қазақстандағы TRT өкілдігінің бас редакторымен кездесу өткізді.

Сапар барысында қатысушылар өңірдегі медиация институтын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, дауларды реттеудің заманауи тәсілдері мен осы саладағы халықаралық ынтымақтастық туралы сұхбат берді.