Жыл сайын Алматы қаласы әкімдігінің Грант комитеті жиналыстар өткізіп, Алматыдағы кәсіпкерлерге гранттар беру туралы шешім қабылдайды. Гранттың сомасы - 5 миллион теңгеге дейін. Грант жаңа бизнесті құруға немесе жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, құрал-жабдықтар сатып алуға және т.с.с. беріледі, бірақ грант алу үшін жоба инновациялық, әлеуметтік тиімділігі, креативтілік және т.б. сияқты критерийлерге сай болуы қажет. Мүгедектерге, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне өтінішті қарау кезіндежеңілдіктер беріледі. Комиссия мүшелері - қоғам қайраткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер палаталары, университеттер, заңгерлер және басқалар. РҚҰ ХҚҚО басшысы Жакупов Жандилда комиссия мүшесі болып табылады және оның отырыстарына қатысады.