4 маусым 2020 ж. Орал қалалық сотында «Қылмыстық іс жүргізуде медиация институтын дамыту» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қалалық соттың судьялары, Орал қаласының прокуроры М. Тілеулиев, Орал қаласының полиция бөлімінің бастығы М. Айкенов, ХҚҚО медиаторы Жануров Ерлан Қойшыбайұлы қатысты. Олар медиацияны дамыту, медиаторлармен өзара әрекеттесу, медиаторлардың қызметіне ақы төлеу сияқты көптеген мәселелерді талқылады. Олар сотқа жеткізбей-ақ, кіші және орта құқық бұзушылықтарды анықтау үшін алдын ала тергеу сатысында медиаторлардың белсенді қатысуы туралы ұсыныстар қабылдады.