Халықаралық құқық қорғау орталығы 22 жыл бойы құқықтық, медиативтік көмек көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырып келе жатыр, және де оқу іс-шараларын өткізу және медиация рәсімдерін жүргізу тәжірибесі мол болып табылады. Орталық құзыретті жергілікті атқарушы органдарға, Мәжіліс пен Сенатқа, ҚР Президентінің Әкімшілігіне және т. б. медиация мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға тұрақты негізде ұсыныстар енгізіп отыр. Орталық медиация және дауларды реттеудің баламалы тәсілдері мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу бойынша министрліктер мен Сенаттың жұмыс топтарының жұмысына белсенді қатысты. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық басшысы Ж. А. Жақыповқа медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін және заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бастамашылық қызметі үшін алғыс білдірді.