2 мамыр күні пандемия кезінде медиацияны қолданудың мүмкіндіктері тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференция жұмысына бірнеше елдің 40 адвокаты мен медиаторлары қатысты.
Спикерлер ретінде жетекші халықаралық медиаторлар Илана Лайтман (Израиль), Жанділда Жақыпов (Қазақстан), Екатерина Гамзунова (Беларусь), Олександр Бондаренко (Польша), Анастасия Москаленко (Словения) сөз сөйледі. Олар пандемия өз елдеріндегі медиация саласына қалай әсер еткенін айтты. Мәселен, олардың барлығы онлайн медиация рәсімін өткізу қажеттілігіне тап болды. Өзара іс-қимылдың осы форматы келіссөздер процесіне, медиация рәсімін жүргізу туралы келісімнің мәтініне, сондай-ақ қорытынды медиативтік келісімге қол қою процесіне өз түзетулерін сөзсіз енгізеді. Спикерлердің кейбірі отбасылық және кәсіпкерлік даулар бойынша өтініштердің өсуін атап өтті.
ХҚҚҰ жетекшісі жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Жақыпов офлайн және онлайн медиацияның қазақстандық үлгісі, қылмыстық және әкімшілік медиацияны жүргізу ерекшеліктері, ХҚҚҰ медиаторлары жұмысының 2019 жылғы нәтижелері, медиация саласындағы күтілетін заңнамалық өзгерістер туралы әңгімеледі.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай конференциялар медиация рәсімін жетілдіру бойынша түрлі елдердің тәжірибесімен жедел алмасуға, сондай-ақ медиация мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша бірлескен шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Келесі іс-шаралардың анонстары МАРА медиаторлар одағының ресми "Фейсбук" парақшасында орналастырылатын болады.