ҚР Парламенті Сенатының медиация туралы заң жобасы

  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. РҚҰ  ХҚҚҰ басшысы Жандилда Жақыпов Сенаттың жұмыс тобының мүшесі болды, оның құрамына судьялар, медиаторлар, сот приставтары, палата өкілдері мен нотариустар кірді. Жақыпов медиация саласындағы мемлекеттік органды қамтамасыз ету, медиаторлардың біртұтас ұйымын енгізу, медиаторлардың тәртіптік жауапкершілігін енгізу, медиатормен міндетті ақпараттық сұхбатты енгізу, онлайн-медиация және тағы басқалар туралы заң жобасына ұсыныстар пакетін дайындады. Жақыповтың көптеген ұсыныстары қабылданып, заң жобасында көрініс тапты. Бүгінгі таңда актінің жобасы жұмыс тобымен мақұлданып, Үкіметке жіберілді.